Компанияның негізін қалаушы

Тамбиев Геннадий Иссаевич

Геннадий Иссаевич Тамбиев Алматы обласы Қаратал ауданының Үштөбе станциясында 1939 жылғы 4 желтоқсанда дүниеге келді. 1957 жылы Геннадий Иссаевич мектепті күміс медальға бітіріп, мектеп директорының ақылымен еліміздің ең беделді ЖОО-ның бірі – Қазақ тау-кен металлургия институтына түсуді шешті.
1990 жылғы 1 желтоқсанда, доцент және зертхана меңгерушісі лауазымындағы жұмысынан шығып, Тамбиев Геннадий Иссаевич зертхананың бірнеше жетекші қызметкерімен бірге «Интеррин» жеке меншік кәсіпорынын құрды және кәсіпорынды өзі басқарды. Жұмысты сол кезеңде тау-кен кәсіпорындарын ЖЗ-мен қамтамасыз ету ретіндегі өзекті мәселені шешуден бастады. Жару ісінде жергілікті өндіріс орны өндірген жарылғыш заттарды қолдануға ауысудың дұрыстығы туралы идеяны Тамбиев 70-ші жылдардан бері көкейінде сақтап келген еді. Қысқа мерзім ішінде тау-кен кәсіпорындарының аумағына орналастыру мүмкіндігіне ие жарылмайтын компоненттерден ЖЗ өндіретін жер үсті және жер асты мини-зауыттарын жасау тұжырымдамасы мен технологиясы әзірленді.
28 жыл ішінде «Интеррин» Геннадий Иссаевичтің басшылығымен Қазақстанның барлық аумақтарында 8 өндірістік учаске, ЖЗ сақтайтын 5 базистік қойма, темір жол тұйықтарын, әзірленетін ЖЗ кең түржиынын ұсынатын меншік мини-зауыттар, оның ішінде электрлік емес оталдыру құралдарын жасайтын зауыттар құрды. Өзінің мини-зауыттарында «Интеррин» жыл сайын 50 мың тонна түйіршікті және эмульсиялы ЖЗ өндіреді. Эмульсиялы ЖЗ өндіретін технологиялар мен құрал-жабдықтар бойынша компания әзірлемелері шетелдік фирмаларға лайықты бәсекелестік жасай алады.
kkҚазақ тілі
ru_RUРусский en_USEnglish kkҚазақ тілі