«Научно-производственное предприятие «Интеррин» ЖШС – Қазақстан Республикасының жару ісі саласындағы ірі кәсіпорны, оның Қазақстан аймақтарында және шет елдерде жарылғыш заттар (ЖЗ) жасайтын он өндірістік учаскесі, жарылғыш материалдардың (ЖМ) базистік-шығыстау және жылжымалы сақтау қоймалары, ЖЗ әзірлейтін жылжымалы қондырғылары, жеткізу-зарядтау машиналары мен механизмдері және т.б. бар. Компания Қазақстанның тау-кен өндіру кешендеріне ЖЗ өндірісіне арналған технология мен құрал-жабдық саласындағы жобалық әзірлемелерден бастап, өздерінің мини-зауыттарында әзірленген жарылғыш заттарды өндірісте пайдалануға дейін қызмет көрсетеді. Жоғарыда аталғандардың көпшілігі әлемдік практикада алғаш рет жасалған.