Бұрғылау-жару жұмыстары

«НПП «Интеррин» ЖШС-нің өндірістік қызметінің негізгі түрлерінің бірі тау-кен өндіру кәсіпорындарына тау-кен массасын бұрғылау-жару дайындығы бойынша қызмет көрсету болып табылады.

Бұл ретте ИНТЕРРИН орындаған бұрғылау-жару жұмыстары тиімділігінің негізгі факторлары болып табылады:

  • Нақты кен орындарында әртүрлі тау-кен-геологиялық жағдайында өзінің «ИНТЕРИТЫ» типті ЭЖЗ технологиялық артықшылықтарын пайдалану;
  • Тау-кен-ою, тасымалдау және ұсақтау құрал-жабдығының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін кен орнының нақты тау-кен-геологиялық жағдайын ескере отырып, жарылған тау-кен массасының оңтайлы параметрлеріне жету үшін бұрғылау-жару жұмыстары саласында консультация беруді ұсыну қызметінің болуы.
  • Түйіршікті ЖЗ, ауыр ANFO және эмульсиялы ЖЗ әзірлеуге арналған заманауи АЗМ паркінің болуы.
  • Самый большой парк буровых станков Atlas Copco/EPIROC в Казахстане;
  • Бұрғылау станоктарына сервистік қызмет көрсету – SERVICE group «INTERRIN»
  • Оталдыру құралдарын әзірлеу:

        а) НСИ ИСКРА — Қарағанды облысында «Искра-Сервис» ЖШС еншілес кәсіпорны базасында жинау;

        б) d32-90mm эмульсиялы атылатын патрондарын жасау.
  • Қазақстанның негізгі өнеркәсіпті аймақтарында орналасқан жарылғыш материалдар сақтайтын 7 базистік қойма.

Қазақстан Республикасының жетекші тау-кен өндіретін компаниялары әлемдік тәжірибе негізінде тыянақты бағамен өздерінде сапалы жарылған тау-кен массасына қол жеткізе алатын бұрғылау-жару жұмыстарының кешенін жүргізу үшін мамандандырылған компанияны таңдайды. Бұл шешімнің басты артықшылықтары:

  • түсінікті ашық баға белгілеу;
  • берілген мерзімде тау-кен жыныстарының берілген өлшемдегі кесекке ие өнімі (жарылған тау-кен массасының м3);
  • технологиялық күрделі аралық операцияларды орындау үшін кәсіпқойларға беру;
  • қауіпті өндіріс қатерін комбинат құрамынан шығару.

Қазіргі уақытта ИНТЕРРИН филиалдары Қазақстан Республикасының 8 аймағында бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуде (Ақмола обл., Павлодар обл., Ақтөбе обл., Қарағанды обл., Жамбыл обл., Солтүстік Қазақстан обл., Алматы обл., Шығыс Қазақстан обл.).

Жұмыс толық аутсорсинг жағдайында немесе икемді өзара тиімді схема бойынша жүргізіледі. Егер Сізді қызықтырған болса «НПП «Интеррин» ЖШС-нің Сату бөліміне хабарласыңыз. E-mail: [email protected]

kkҚазақ тілі
ru_RUРусский en_USEnglish kkҚазақ тілі